Депутат жатақхана орындарын бөлетін платформа құруды ұсынды
Мәжіліс депутаты жатақхана орындарын бөлетін ұлттық цифрлық платформа құруды ұсынды. Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары жаңа жатақханалар салынып жатыр. Мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізілуде. Алайда, түйткіл түбегейлі шешілмеген. Осыған байланысты ол студенттік тұрғын үйдің бірыңғай ұлттық цифрлық платформасын құруды ұсынды. Бұл жатақхана орындарын онлайн есепке алып, ақпараттың қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ депутаттық сауалда жатақхана салатын инвесторларға қосымша ынталандыру тетіктерін енгізу ұсынылды.
Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарын қамтитын студенттік тұрғын үйдің бірыңғай ұлттық цифрлық платформасын әзірлеу мәселесін пысықтау. Платформада өтінім беру, электронды кезек, онлайн брондау, цифрлық келісімшарт және жатақхана орындарының нақты уақыттағы есебі көзделуі тиіс.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді
24.08.2026, 13:24
Президент дзюдошыларды тарихи жеңісімен құттықтады
24.08.2026, 13:18
Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты
24.08.2026, 13:09
Құрылтай сайлауына 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды
24.08.2026, 13:06
«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
24.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді
24.08.2026, 13:00
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08