Басты Жаңалықтар «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

«Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Қазақстанда балық өсіретін шаруашылықтар саны төрт есеге артты. Бүгін Атырауда  «Қазыналы Каспий» халықаралық форумы өтті. . Жиыннан бөлек  ашық аспан астында түрлі шаралар өтіп жатыр. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шықты. Нұрсұлтан, фестиваль қалай өтіп жатыр? Форумда қандай маңызды мәселелер талқыға түсті?

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Фестиваль ауқымы үлкен. Кеш ауа атыраулықтардың барлығы Жайық жағасына жиналды. Ал, түске дейін Каспий маңы елдерінің өкілдері, жетекші ғалымдар мен сала сарапшыларының басын қосқан жиында Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, балық шаруашылығын дамыту мәселелерін талқыланды. Атырау облысында балық шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру бағытында қолға алынған ірі бастамалардың бірі – Дамбы ауылдық округі аумағында 100 гектарлық аквааймақ құру. Жоба өңірде тауарлық балық өндірісін ұлғайтып, табиғи су айдындарына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек. Форумға қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, ұсыныстарын да ортаға салды. Әзірбайжан елінен келген қауымдастық төрағасынан сұқбат алған едік. Тыңдап алсақ.

Заур Салманоглы, Әзербайжан балық өсірушілері мен балық өнеркәсібі қауымдастығының төрағасы:

Қазақстанның балық отаны саналатын Атырауда жиналуымыздың өзіндік ерекшелігі бар. Қазір Каспийде балық қоры азайып бара жатыр. Сондықтан мұның алдын-алуымыз керек. Мәселен қазір біздің Әзірбайжанда балық өнеркәсібі қауымдастығы экология министрлігінен бөлініп шықтық. Алдағы уақытта үлкен жобаларымыз бар. Жуырда Каспий маңы елдерін жағымды жаңалықтармен қуантамыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Халықаралық форум тек салалық талқылаулармен шектелген жоқ. Мен тұрған алаңда Аспаздық байқау, спорттық фидерлік балық аулау жарысы, балық өнімдерінің жәрмеңкесі, «Арт бейнелеу», гастрофестиваль секілді іс-шаралар ұйымдастырылған. Бір күнге созылған «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалінің соңы кемелердің шеруімен тәмәмдалды.
Бөлісу