Алматы облысында 65 адам тағамнан уланды
Алматы облысында 65 адам тағамнан уланып, дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы Боралдай кентіндегі «Алатау-4» базарында орналасқан Sushi Time дәмханасының өнімдерін тұтынған. Зардап шеккендердің 36-сы ауруханаға жатқызылса, 29 адам амбулаториялық ем алуда. Қазіргі таңда барлық науқастың жағдайы тұрақты. Оқиғаға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық мамандар тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу аяқталып, оқиғаның нақты себептері анықталғанға дейін дәмхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар тұрғындарды қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда сақ болуға шақырып, улану белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Лейла Серікбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Ауыр немесе аса ауыр жағдай тіркелмеді. Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын бастады. Тағам өнімдерінен сынамалар алынып, зертханалық сараптама жүргізілуде.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15