Қазақстан – Өзбекстан: Сауда көлемі $4,8 миллиардқа жетті
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі 4,8 миллиард долларға жетіп, бір жылда 16,2 пайызға өсті. Бұл туралы Ташкент халықаралық инвестициялық форумында айтылды. Форумға қатысқан Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық реформалары, «Altyn Visa» бағдарламасы және жасанды интеллект саласындағы ауқымды жобалары таныстырылды. Бұдан бөлек Қазақстанның цифрлық хабқа айналуына бағытталған жобасына әлемдік IT компаниялары Firebird пен NVIDIA 10 миллиард доллар инвестиция салып жатқаны мәлім болды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04