Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын бірге басқарады
Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын бірлесіп басқарады. Мәжіліс трансшекаралық су объектілеріне қатысты келісімді ратификациялады. Құжат аясында Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясы құрылады. Ол трансшекаралық өзендер мен су нысандарына қатысты мәселелерді үйлестіреді. Құжатқа 2025 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған. Келісімнің негізгі мақсаты - екі елге ортақ су ресурстарын тиімді пайдалану және мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Яғни суға таласпай, бірлесіп бөлу.
Нұрлан Алдамжаров, Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары:
Бірлескен үкіметаралық комиссия құрылады. Оның өзінің ережесі болады. Сол ережесін қазіргі таңда Өзбекстан Республикасымен бірлесіп, қазір ол ережені жасап жатырмыз. Сол жерде бірлескен комиссияның нақты жұмыстары көзделеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17