Басты Жаңалықтар Биыл былтырғы кезеңмен салыстырғанда қылмыс 9% төмендеген

Биыл былтырғы кезеңмен салыстырғанда қылмыс 9% төмендеген

Өткен бес айдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген. Ішкі істер министрі Президентке елдегі криминогендік ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Ержан Сәденовтің айтуынша, соңғы жылдары елде 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды. Қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған. Киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Мемлекет басшысы министрге елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.


Бөлісу