ӘЧ-2026: Билет 33 мың долларға жетті
Футболдан әлем чемпионатына билеттердің бағасы 32 970 долларға жетіп, ал қайта сату нарығында 2,3 миллион долларға дейін көтерілген. Бағаның күрт қымбаттауына байланысты Мексика президенті Клаудия Шейнбаум FIFA ұйымын сынға алып, баға саясатын қайта қарауға және турнирді жанкүйерлер үшін қолжетімді етуге шақырды. Шейнбаумның айтуынша, мұндай бағадан кейін көп жанкүйер турнирді көре алмайды. Әлем чемпионатының АҚШ, Канада және Мексикада өтетін матчтарына билеттердің бастапқы бағасы 140 доллардан 8 680 долларға дейін болған. Кейін кейбір билеттер арзандағанымен, жекелеген ойындарда баға айтарлықтай өскен. FIFA әзірге Мексиканың бұл мәлімдемесіне жауап берген жоқ. Ұйым президенті Джанни Инфантино билет бағасы Солтүстік Америка нарығына сәйкес екенін айтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы