Месси рекорд жаңартты
Месси әйгілі неміс шабуылшысы Мирослав Клозенің рекордын жаңартты.
Аргентиналық сұрмерген Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Алжир құрамасының
қақпасына 3 гол соқты. 38 жастағы ойыншы осылайша турнир тарихында өзінің
алғашқы хет-тригін тіркеп, 16 голдың авторы атанды. Мұндай көрсеткішпен тек Германия
құрамасының экс-футболшысы Клозе ғана мақтана алады. Сондай-ақ Месси әлем
чемпионаттарында ең көп матч өткізген ойыншы ретінде де көш бастап тұр.
Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе де жасындай жарқылдады. Мадридтік
«Реалдың» шабуылшысы Сенегалмен өткен ойында дубль авторы атанды. Матч 3:1
есебімен француздардың пайдасына шешілді.
Оның қатарласы Эрлинг Холланд та екі допты қақпаға дәл бағыттап, гол салды. Бомбардир
Иракпен өткен матчта көзге түсіп, командасын 4:1 есебімен жеңіске жетеледі. Ал
Аустрия мен Иордания арасында өткен ойын еуропалықтардың пайдасына 3:1 есебімен
аяқталды. Бүгін мундиальдің жетінші күні. Сондықтан қызық матчтар әлі алда. Кешкі
сағат 22:00-де Португалия Конго құрамасымен кездеседі, ал түнгі 01:00-де Англия
мен Хорватия жолығады. Әрі қарай көршіміз Өзбекстан мен Колумбия, Канада мен
Қатар матчтары өтуі жоспарланған. Ойындарды Ұлттық арна мен «Qazsport»-тан көріңіздер.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03