Басты Жаңалықтар Мерзімді қызметтен өтпегендерге әскери мамандық беру басталды

Мерзімді қызметтен өтпегендерге әскери мамандық беру басталды

Қазақстанда мерзімді әскери қызметтен өтпеген азаматтар әскери мамандық алып, әскери билет иелене алады. Бағдарламаға әскери қызметке жарамды немесе денсаулығында аздаған шектеуі бар азаматтар қатысады. Өтініш eGov порталы арқылы қабылданады. Оқу барысында логистика, автокөлік техникасын жөндеу, автоэлектрик, дәнекерлеуші, аспаз, наубайшы және дрон операторы сияқты мамандықтар оқытылады. 2026 жылы оқу құны 545 мың теңге, ал оқу мерзімі шамамен 40–46 күн. Тыңдаушылар әскери киіммен, жатын орынмен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Оқуды аяқтаған азаматтар әскери ант қабылдап, сертификат пен әскери билет алады және «қатардағы жауынгер» атағына ие болады. Сонымен қатар олар әскери даярланған резерв құрамына енгізіліп, кейін мерзімді әскери қызметке шақырылмайды.


Бөлісу