БҚО-да ауылдық округ әкімін жұмыстан шығарды
Батыс Қазақстан облысында мас күйде көлік тізгіндеген ауылдық округ әкімі жұмысынан қуылды. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейнуллин алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырған. Тәртіп сақшылары оны дер кезінде ұстап, сот шешімімен жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған. Әрі шенеунік бұған дейін де қызмет бабында ескерту алған. Мемлекеттік қызметкердің теріс қылығы үшін Әдеп кеңесінің мүшелері оны лауазымына сай емес деп танып, қызметінен босату туралы шешім шығарды. Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерболат Кәрімовке лауазымына толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту берілді. Ол жазасы толық өтелмеген және еңбек өтілі сәйкес келмейтін адамды жұмысқа алған.
Мұрат Байсалов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің
басшысы:
Масаң күйде автокөлікті басқарған және ол бойынша соттың шешімі күшіне еніп, аталған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында мәселе қаралды және оны қызметінен шығару туралы тиісті шешім қабылданды. Тәртіптік жазасы бола тұра, қызметіне толық сәйкес еместігі түріндегі Әдеп кодексін сақтамаған.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17