Басты Жаңалықтар Президент Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

Президент Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

Қытайда ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылды. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Халықаралық таныстырылым аясында 20 шара мен бірқатар кездесу өтіп, Алатау қаласының инвестициялық мүмкіндіктері айтылған. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту туралы Мемлекет басшысына есеп берді.

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозуын 40 пайызға дейін қысқартпақ.

Бөлісу