Басты Жаңалықтар Алматыдағы дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?

Алматыдағы дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?

Алматыда кеше кешкісін болған қатты дауылдан кейін қалада ағаштар мен ірі бұтақтар ондаған көлікке құлап, зақым келтірді. Мұндай жағдайда жүргізуші не істеуі керек және келтірілген шығынды кім өтейді?

Мамандардың айтуынша, ең алдымен оқиға орнын фото-видеоға түсіріп, көлікті қозғамай полиция шақыру қажет. Тәртіп сақшылары оқиғаны тіркеп, тиісті құжаттарды рәсімдейді. Шығынды өтеу ағаштың қай жерде тұрғанына да байланысты. Егер ағаш тұрғын үйден бес метрге дейінгі аумақта болса, жауапкершілік көбіне пәтер иелері коперативіне жүктеледі. Ал одан алыста орналасса, аудан әкімдігі жауапты. Егер көлік КАСКО арқылы сақтандырылған болса, сақтандыру компаниясына дереу хабарласу керек. Ал сақтандыру болмаса, жүргізуші шығын көлемін тәуелсіз сараптама арқылы бағалатып, барлық шығынды растайтын құжаттарды жинауы тиіс. Алдымен жауапты мекемеге сотқа дейінгі талап жолданады. Егер өтемақы төлеуден бас тартылса, мәселе сот арқылы шешіледі. Мамандар мұндай жағдайда дәлелдемелерді толық жинаудың маңызды екенін айтады.


Бөлісу