30 теміржол вокзалы шілдеге дейін пайдалануға беріледі
30 теміржол вокзалы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде Үкімет отырысында мәлім болды. Қазір елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен вокзалдар жаңартылып жатыр. Тіпті Тәуелсіздік жылдарынан мүлдем жөндеу көрмеген вокзалдар да бар. Ірі жобаға барлық өңірлердегі 124 вокзал енген. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар вокзал маңындағы алаңдарды абаттандырып жатыр.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:
Соңғы жылдары 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылған. 2030 жылға қарай жаңарту деңгейін 90%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы 30 вокзал биылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі.
Жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздары толық интернетке қосылады. Бұл жөнінде Үкіметте өткен брфингте мәлім болды. Қазір Астана - Алматы және Астана - Өскемен бағыттарындағы пойыздарда Starlink интернеті бар. «Қазақстан Темір Жолының» басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлім еткендей, Алматы-Павлодар, Павлодар-Түркістан және Нұрлы жол-Атырау құрамдарында терминалдар орнатылып жатыр. Дегенмен жиын барысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылардан шағым көп түсетінін айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде. Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуға тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы