«Айбын – 2026» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
Елімізде халықаралық деңгейде өтетін «Айбын» жастар жиыны бағдарламасына биыл алғаш рет жүзуден сайыс қосылды. Әскери-патриоттық шара маусымның 21 мен 27-і күндері Щучинск қаласында өтеді. Оған 14 пен 17 жас аралығындағы 53 команда қатысады. Барлығы 900-ден астам жасөспірім келеді деп жоспарланған. Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен іріктелген құрамалар, әскери-патриоттық клуб мүшелері, әскери колледждер мен мамандандырылған лицейлер бар. Әрі Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатыспақ. Биылғы бағдарламаға әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық сайыстар енгізілді. Қатысушылар әскери кросс пен эстафета, әскери-тактикалық ойын, ату сайыстары, автомат қаруын шашып жинау, белтемірге тартылу, робототехника жарыстары мен зияткерлік ойынында сынға түседі.
Қазақстан Республикасының абыройын қорғау біз үшін үлкен мәртебе, үлкен мақтаныш. Дәл осы жарысқа мен өткен жылы қатысқан болатынмын. Ол жарыста мен пневматикалық қарудан ату және Айбынды дарын сайыстарынан жүлделі бірінші орын алған болатынмын.