Басты Жаңалықтар Шардаралық шаруалар жаппай су үнемдеуге көшті

Шардаралық шаруалар жаппай су үнемдеуге көшті

Түркістан облысының Шардара ауданында шаруалар жаппай су үнемдеу технологиясына көшіп жатыр. Қазірдің өзінде тамшылатып суару арқылы егілген бақша дақылдары мен көкөністің көлемі 12 мың гектардан асқан. Диқандар әсіресе осы тәсілмен қауын қарбыз екен тиімді дейді. Суды үнемдеп қана қоймай, шығындары да жылдағыдан екі есе азайған. Тілші тарқатады.

Шардаралық шаруалардың бірі Әбдірәсіл Иманбердиев 60 гектар жерге пияз пен сарымсақ еккен. Соңғы үш жылдан бері тамшылатып суару әдісіне көшкенін айтады. Содан бері көп жұмыс күшін қажет етпейді. Тыңайтқыштар мен ағын суға кететін шығыным азайды деп қуанып отыр. Әрі өнім көлемі екі есеге көбейген.  
Әбдірәсіл Иманбердиев, шаруа:
Бұл жерде тергізуіне адам салып жатырмыз қазір. Басқа уақытта осы 60 гектарға 4 адам жұмыс істейді осы жерде. Дәрі береді, өзінің аппараттары бар. Электрический бәрі, токпен істеп қойғанбыз.  Өнімділігі де былтыр 100 тоннадан берген. Ал қазір ерте сортын еккенбіз, 50 тоннадан беріп жатыр.
Қазір Шардарада ерте егілген қауын қарбыз жаппай пісіп жатыр. Диқандар бақша дақылының дер кезінде пісіп жетілуі ағын судың қажетті көлемде берілуінен дейді. Мәселен Жаушықұм ауылының егістік алқаптарына су Шардара су қоймасынан тартылған. Шаруалар бұған дейін ағын судың тапшылығы жиі болатынын айтады. Егіндері қурап қалған кездер де болыпты. Ал биыл ондай қиындықтар артта қалды деп отыр.
Бексұлтан Шойбеков, шаруа:
Су қоймасынан үш насоспен айдап әкеліп жатырмыз. Биыл мынау капельный системамен жасап жатырмыз, бірінші жыл. Капельныймен еккен дарбыз арықпен еккендегіден эконом жағы, су расход жағы барлығы тиімді. Жұмыс күші де. Өнімділік жағы 100 тоннаға дейіни беретін шығар деп жобалап жатырмыз.
Қазір ерте піскен қауын қарбыздар жүк көліктеріне тиеліп, еліміздің барлық өңіріне жөнелтілуде. Диқандар көршілес Ресей елінен де сұраныс жоғары екенін айтады. Тамшылатып суарудың тиімділігін көрген шаруалар биыл мол табысқа кенелеміз ба деп үміттеніп отыр. Ал салаға жауаптылар болса жаңа технологияны биыл 8 мың гектарға енгізу жоспарланып отырғанын айтады.
Нұрбақыт Нұрсейітов, Шардара аудандық а/ш бөлімінің басшысы:
Бүгінгі таңда 4155 гектар жерге, яғни 69 шаруа сусидияға өтінім беріліп, тиісті қаржыларын алып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, жалпы 1 гектарға 800 мың теңге кететін шығын болатын болса, 80 пайызы мемлекеттен субсидияланып, 640 мың теңгесі шаруаға қайтарып берілетін болады.
Мамандар су үнемдеу технологиясының қолжетімділігін арттыру үшін құбыр шығарушы компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Осылайша жыл соңына дейін тағы 4 мың гектарға жуық жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары қойылады.


Бөлісу