Басты Жаңалықтар «Медеу» мұз айдынындағы автотұрақ уақытша жабылды

«Медеу» мұз айдынындағы автотұрақ уақытша жабылды

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының аумағындағы автотұрақ бүгіннен бастап уақытша жабылады. Шектеу жыл соңына дейін жалғасады, - дейді қалалық құрылыс басқармасының өкілдері.

Өйткені кешен аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздік ережелері осыны талап етеді. Мамандар тұрғындар мен қала қонақтарына сапарды алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік немесе балама бағыттарды пайдалануға кеңес береді. Теңіз деңгейінен 1700 метр биікте орналасқан «Медеу» – әлемдегі ең биік таулы спорт кешендерінің бірі. Нысан өткен жылдың қазан айынан жөнделе бастаған. Жоба аясында инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, келушілерге қолайлы жағдай жасау көзделген. Қайта жаңғырту жұмыстары 2027 жылдың төртінші тоқсанына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты кешен аумағында уақытша шектеулер кезең-кезеңімен енгізілуі мүмкін.


Бөлісу