Қазақстан пойыздары интернетке толық қосылады
Жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздары толық интернетке қосылады. Бұл жөнінде Үкіметте өткен брифингте мәлім болды. Қазір Астана – Алматы және Астана – Өскемен бағыттарындағы пойыздарда Starlink интернеті бар. «Қазақстан Темір Жолы»-ның басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлім еткендей, Алматы – Павлодар, Павлодар – Түркістан және Нұрлы жол – Атырау құрамдарында терминалдар орнатылып жатыр. Дегенмен, жиын барысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылардан шағым көп түсетінін айтты.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде. Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуға тиіс.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17