Ұлыбритания үкіметі әлеуметтік желіге тыйым салмақ
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақ. Жаңа ережелер танымал платформаларды түгел қамтуы мүмкін. Шектеулер қашан күшіне енеді және оған қоғамның көзқарасы қандай? Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова сабақтасын.
Жаңа ереже 2027 жылдың көктемінде күшіне еніп, TikTok, YouTube, Instagram және
Facebook секілді әлеуметтік желілерді шектейді. 16 жасқа толмағандарға
сондай-ақ онлайн ойын ойнауға, тікелей эфир жүргізуге және бейтаныс адамдармен
желіде сөйлесуге рұқсат бермейді. Бірақ WhatsApp сияқты хат алмасу қосымшаларын
пайдалануға тыйым салынбайды.
Кир Стармер, Ұлыбриптания
премьер-министрі:
Біз дені сау ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Кішкентайларымыздың балалық шағы бақытты әрі мазмұнды болуы тиіс.
Шешім қабылданбас бұрын билік халықпен ақылдасқан. Сауалнамаға қатысқан
ата-аналардың 83 пайыздан астамы әлеуметтік желілердің пайдасынан гөрі қаупі
басым екенін айтқан. Жасөспірімдер болса, екіұдай пікірде. Бірі бұл үкімет
араласатын іс емес десе, енді бірі миды улайтын контенттен шаршағандарын
айтады.
Али Раза, оқушы:
Ата-анам телефонға көп телміресің деп үнемі ұрсады. Әсіресе көзім үшін алаңдайды. Әлеуметтік желілердің кесірінен көру қабілетім нашарлады.
Джоэлль Азебазе, оқушы:
Қазір балалар далаға шығып ойнамайды, жастанып алып, TikTok қарайды. Меніңше, бұл адамның психикалық денсаулығына қатты әсер етеді.
Жарты жыл бұрын Австралияда дәл осындай шектеулер енгізілген болатын.
Марина Бекенова, тілші:
Бірақ соңғы сауалнамаларға сәйкес оқушылар нақты неше жаста екенін жасырып, заңды сырт айналып өтудің жолдарын тапса керек. Ата-аналардың 70 пайыздан астамы балаларының платформаларды әлі де пайдаланып жүргенін хабарлаған.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Айбын – 2026» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
16.06.2026, 17:33
Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі
16.06.2026, 17:30
Таразда «Тектұрмас» тарихи кешенінің аумағын тазалады
16.06.2026, 17:27
Шардаралық шаруалар жаппай су үнемдеуге көшті
16.06.2026, 17:25
«Медеу» мұз айдынындағы автотұрақ уақытша жабылды
16.06.2026, 17:22
Алматыда LRT мен SkyTrain салынады
16.06.2026, 17:20