Алматыда 100 мыңдай адам МӘМС жүйесіне қосылды
Алматыда әлеуметтік тұрмысы төмен 100 мыңға жуық тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілді. Енді олар медициналық көмекті МӘМС аясында толық көлемде ала алады.
Биылдан бастап күшіне енген түзетулерге сәйкес, табысы төмен және қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін медициналық сақтандыру жарнасын жергілікті әкімдіктер төлейді. Бұған дейін қалада тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша арнайы жұмыс жүргізілген. Соның арқасында медициналық көмекке мұқтаж болған алматылықтар анықталып, автоматты түрде сақтандырылған. Енді олар емханаға жүгінген сәттен бастап әкімдік әр адам үшін Медициналық сақтандыру қорына ай сайын 9 мың 189 теңге көлемінде жарна аударады. Мамандардың айтуынша, бұл шара медициналық қызметтердің барынша қолжетімді болуына мүмкіндік береді.