Drama RAT: Бас прокуратура аляқтық жүйе туралы ескертті
Бас прокуратура «Drama RAT» деп аталатын жаңа аляқтық жүйе туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, зиянды бағдарлама танымал сервистер, пайдалы қосымшалар мен құжаттар ретінде бүркемеленіп, мессенджерлер, SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы таратылады. Алдау тәсілі ретінде алаяқтар ChatGPT, музыкалық сервистерге, VPN және Minecraft сияқты қосымшаларына тегін қолжетімділікті ұсынады. Орнатылғаннан кейін бағдарлама жаңартуды ұсынады және осы сәтте зиянды бағдарлама жүктеле бастайды.
Қосымша құрылғының экранынан ақпаратты оқуы, логиндерді, парольдерді және бір
реттік кодтарды алуы, пайдаланушының әрекеттерін еліктеуі, банк қосымшаларын
басқаруы, құпия деректерге қол жеткізуі, PIN-кодты орнатуы және құрылғыны
бұғаттауы мүмкін.
Мамандар мессенджерлер, SMS немесе электрондық пошта арқылы алынған күдікті
файлдарды орнатпау, қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеу, ақылы
сервистерге және күмәнді жаңартуларға тегін қол жеткізу ұсыныстарына сенбеу,
орнатылатын бағдарламалар, қосымшалар үшін қол жеткізу құқықтарының сұратылған
рұқсаттарын мұқият тексеру, қорғаудың өзекті құралдарын пайдалану және
операциялық жүйені үнемі жаңартуды ұсынады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтайдың Ресей жағында қазақ мәдениеті дәріптелді
13.10.2026, 17:30
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды
13.10.2026, 17:29
«Таза Қазақстан» road-эстафетасы басталды
13.10.2026, 17:27
Жетісу облысының жастары бүгін 35 түп ағаш екті
13.10.2026, 17:25
«Кітап оқитын ұлт» марафонына Ақтөбе облысынан 123 мың қатысушы тіркелген
13.10.2026, 17:24
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18