122 шетел азаматын елден күштеп шығарды
122 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылып, олардың елге қайта келуіне тыйым салынды. Елімізде өткен «Нелегал» полицейлік операциясы нәтижесінде тәртіп сақшылары бес күн бойы шетел азаматтары жұмыс істеуі мүмкін құрылыс орындары мен базарларды тексерді. Осының нәтижесінде 13 мың адам көші-қон ережелерін бұзғаны белгілі болды. Олардың 10 мыңға жуығына елде заңсыз жүргені үшін, ал 4 мыңға жуығына рұқсатсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды. Сот үкімі 1500 адамды елден шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, 122 азамат күштеп шығарылып, олардың алдағы 5 жылда елімізге кіруіне тыйым салынды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 21 шетелдік азаматты тұтқындады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бұлақтың көзін ашты
25.08.2026, 13:25
Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
25.08.2026, 13:22
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
25.08.2026, 13:20
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
25.08.2026, 13:17
Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
25.08.2026, 13:15
Тунистегі шеру тәртіпсіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06