Алматыда таудан түсе алмаған 4 адам құтқарылды
Алматы тауларында бағытынан жаңылып, қараңғы батқан соң өздігінен төмен түсе алмаған төрт адамға құтқарушылар көмек көрсетті.
Туристер Үлкен Алматы көлінен жоғары, шекаралық бекет маңында болған. Олар қауіпсіз жерге жете алмайтынын айтып, құтқару қызметіне хабарласқан.
Оқиға орнына бақылау-құтқару бекетінің экипажы жедел аттанып, шамамен бір сағаттың ішінде туристерді тапқан. Құтқару кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар тауға шығар алдында бағыттың ұзақтығын алдын-ала есептеп, қараңғы түспей қайтуды жоспарлауға кеңес береді. Сонымен қатар ауа райын бақылап, байланыс құралдарын толық қуаттап алған жөн екенін ескертеді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15