Өскеменде үздік тауарлардың көрмесі өтті
Одандық тауар өндірушілер жеңіл өнеркәсіп, және ауыл шарауашылығы өнімімен ішкі нарықты қамтуға қауқары толық жетеді.Ал кәсіпкерлерді мемлекет те үздіксіз қолдап келеді. Өскеменде «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме байқауында жергілікті кәсіпкерлер өздері өндірген өнімдерін паш етті.
Шығыстың кәсіпкерлері қазір нарыққа қажет кез-келген тауарды шығарады. Өңірде тауар өндіруге қажет барлық сала бойынша материал жеткілікті.Нәтижесінде соңғы жылдары өнімнің көлемі бірнеше есе артты. Биылғы көрме байқауға 100 ге жуық кәсіпкер қатысты.
Сандуғаш Айтқажықызы, жеке кәсіпкер:
Бала күнімнен бергі анамның жалғастырып келе жатқан сабындарын әрі қарай жасап, Қазақстан көлемінде танытып жатырмын. Бұл жерде қара сабынымыз тері ауруының 90 пайызына көмектеседі. Емдік шөптердің сілтісі мен өзіміздің қазақы қойымыздың құйырық майы қосылып жасалынады.
Күршімдік Нұржан Қаратаев үй құрылысына қажет термопанелдер шығарады. Химиялық қоспалардан өзгесі түгел өңірдің өзінде өндіріледі. Кәсіпкердің материалы үйді өте тез салуға арналған.
Нұржан Қаратаев, кәсіпкер:
Осы үйдің ішіндегі барлық жұмысы. Бір күн іргетасқа кетті. Бір күн қабырғасын көтергенге кетті. 2 күннің ішінде үй дайын болды.
Былтырдан бері шығыста «Бір ауыл – бір өнім» жобасы іске асып келеді. Осы жоба арқылы ауылдағы талай кәсіпкер ісін ашты. Ал үздік тауар өндірушілердің көрме байқауы сапалы өнім шығартын кәсіпкрлерді қолдау үшін ұйымдастырылды.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Өнімдеріміздің сапасының артуына олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жергілікті тауар өндірушілерді қорғауға осы бүгінгі шараның маңызды міндеті бар.
Өңірдік байқауда сапалы өнім өнідіретін кәсіпкерлер іріктеліп Астанада өтетін көрмеге қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы