Басты Жаңалықтар Ә.Молдағұлованың туғанына 101 жыл

Ә.Молдағұлованың туғанына 101 жыл

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл. Ол 1925-ші жылдың 15-ші маусымында Ақтөбе облысының Бұлақ ауылында дүниеге келген еді. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде еске алу шаралары өтіп жатыр.

Ақтөбеліктер батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Мұнда батырдың туыстары, зиялы қауым өкілдері мен әскери бөлім қызметкерлері жиналды. Әлияға арналған әндер орындалып, сөз алған аға буын өкілдері жастарға батырдың ерлігін үлгі етті. Ал, қайсар қыздың есімі берілген облыстық мемориалдық музейде оқушы қыздарды «Әлия» патриоттық клубына қабылдау рәсімі өтті. Бұл клуб сексенінші жылдары құрылып, әлі күнге жұмыс істеп келеді. Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы былтыр мемлекеттік деңгейде аталып өткен еді. Оның ерлігі көршілес Ресей мен өзге де мемлекеттерде кеңінен насихатталып келеді.

Айша Өтеулиева, музей ісінің ардагері:

Топ көбейе бастады. Олар өздері ант қабылдайтын еді, жоспарымыз болды. Жалпы клубпен жұмыс істеу өте қызық болды сол кезде. Қуантатын жағдай - осы проект әлі күнге дейін жұмыс жасап келеді.


Бөлісу