Жамбыл облысында 300 адам баспаналы болды
Жамбыл облысында үй кезегінде тұрған 300 адам қоныс тойын тойлады. Баспаналы болғандардың басым бөлігі көпбалалы аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырғандар, мүгедектігі бар жандар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.
Жамбыл ауданының тұрғындарына Аса ауылынан 120 пәтер берілді. Сондай-ақ 200-ге жуық тараздық баспаналы
болды. Олар пәтерлерді мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген
шарттармен алып отыр. Алдымен 10 пайыз бастапқы жарна төлеп, 2-5 пайыздық
мөлшерлемемен несиеге рәсімдеген. Өңірде 61 298 адам үй кезегінде тұр. Оның тең
жартысы Тараз тұрғындары. Мәселені шешу үшін қала әкімдігі жаңа үйлер салудан
бөлек, дайын пәтерлерді де сатып алып жатыр. Жыл соңына дейін аймақта үй
кезегінде тұрған азаматтарға 1190 пәтер беріледі.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі:
Біз нарықтан сатып алып жатырмыз бұл пәтердің барлығын. Әр пәтердің құны 252 мың теңге шаршы метріне. Тағы да жыл соңына дейін 160 пәтерді сатып алып, кезекте тұрған әлеуметтік осал топтардағы азаматтарымызды пәтермен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16