Басты Жаңалықтар Бір палаталы парламент заң шығарушы органның жауапкершілігін арттырады

Бір палаталы парламент заң шығарушы органның жауапкершілігін арттырады

Бір палаталы парламентте партиялардың тартысы күшейіп, бәсекелестік артады. Бұл туралы бүгін «Конституциялық реформа: заңнама мен мемлекеттік басқаруды дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Қазір елімізде ресми тіркелген 7 саяси партия бар. Соңғы сайлауда солардың 6-ы алға шығып, жақтастарына мәжіліс залынан мінбер бұйырған еді. Енді құрылтайдың құрамы партиялық тізім арқылы жасақталғандықтан, депутаттар тұтас саяси ұйымның тәжірибесі мен ресурсына сүйенеді.  Бұрын құжат алдымен Мәжілісте екі рет қаралып, кейін Сенатта тағы екі мәрте талқыланатын. Ал бір палаталы парламентте  талқылау Құрылтай деңгейінде бір орталықта үш оқылым арқылы жан-жақты сарапталып, мұқият қаралады, - дейді сарапшылар.

Жанар Жігітекова, Әділет министрлігі «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры:
Бұл өзгеріс заң шығарушы органның жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар заң шығару рәсімдерінің өзі де жаңарады. Сондықтан мұндай жүйе қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, жұмыстың жүйелі жүруіне мүмкіндік бермек. Сондай-ақ құжат жобасы  Парламентке енгізілмей тұрып-ақ жан-жақты талқылануы тиіс. Осындай сапалы алдын ала рәсімдер болған жағдайда ғана қабылданатын заңдардың мазмұны нақты, түсінікті әрі сапалы болады деп айтуға болады.


Бөлісу