Басты Жаңалықтар «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» фестивалі қорытындыланды

«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» фестивалі қорытындыланды

Биыл «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесін абыроймен атқарды.

Алып шаһар жыл бойы түркі халықтары жастарының басын қосқан маңызды алаңға айналды. Осы ретте қалада 40-тан астам мәдени, білім беру, спорттық және шығармашылық бағыттағы ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Жыл бойы өткен форумдар, фестивальдер, кездесулер, көрмелер мен концерттер түркі мемлекеттері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Іс-шараларға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жас көшбасшылары, еріктілері, өнерпаздары мен белсенді жастары қатысты.

Жастар астанасы жобасының жабылу салтанатында Алматы өз миссиясын табысты аяқтап, белсенді жастарды марапаттап, эстафетаны Өзбекстанның Хиуа қаласына табыстады. Осылайша түркі жастары арасындағы ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасу дәстүрі жалғасын таба береді, дейді ұйымдастырушылар.

Әзиз Қажденбек, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:
Алматы үшін, Алматы жастары үшін мұндай мәртебе өте жоғары. Өйткені қала жастары үлкен тәжірибе жинайды, халықаралық дәрежеге шығады және Алматы қаласы үшін жаңа жобалар алып келеді. Өзбекстанға Хиуа қаласына кілтті табыстаған болатынбыз. Сондықтан Алматы жастары Хиуа қаласына барады.


Бөлісу