Ақтөбелік полицейлер жол қозғалысын дронмен бақылауға көшті
Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзған 2 мыңнан астам тұрғын заманауи техникалық құралдардың көмегімен анықталды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, әсіресе жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндер көп. Сондай-ақ бағдаршамның жүруге тыйым салынған белгісіне назар аудармайтындар да жиі кездеседі. Осылайша өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіреді. Дрондар шаһардың көлік қозғалысы қарқынды учаскелерінде қолданылады.
Әсем Пірмағамбет, патрульдік полиция батальонының инспекторы:
Жыл басынан бері облыс орталығында 2 мыңнан астам жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 150-ден астам құқық бұзушылық дрондардың көмегімен анықталды. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы және бағдаршамның рұқсат беретін белгісі жанғанда ғана кесіп өтуге шақырады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16