Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залын енді. Салтанатты рәсім Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті. Елді мекендегі дәстүрлі мерекелік шаралар бірнеше күнге созылды. Оның аясында жанкүйерлермен кездесулер, қолтаңба сессиялары және чемпиондардың шеруі ұйымдастырылды. Мұндай мәртебе кәсіби бокста жоғары нәтижеге қол жеткізген және спорт тарихында із қалдырған тұлғаларға берілетін мәртебе саналады. Айта кету керек, кәсіби мансабында қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.
Геннадий Головкин, боксшы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті:
Сезімді сөзбен жеткізу оңай емес. Артқа қарап, атқарылған еңбек пен жеткен жетістіктерді ойлағанда ерекше мақтаныш сезімі пайда болады. Демек, біз көздеген мақсатымызға жеткен сияқтымыз. Қазір ең бастысы – бәрінің дұрыс жасалғанына деген ризашылық пен қанағат сезімі бар. Мен Қазақстаннан екенімді әрдайым мақтан тұтамын. Сондықтан сіздерге де айтарым – өздеріңізге сеніңіздер, күштеріңізге сеніңіздер.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жаңа туған құлындарды Ақниет және Бөрте деп атады
15.06.2026, 10:29
Швейцарияда азаматтар халық санын шектеуге қарсы дауыс берді
15.06.2026, 10:23
АҚШ пен Иран жұма күні соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоймақ
15.06.2026, 10:21
«Әділет» партиясының филиалдары еліміздің барлық өңірінде құрылады
15.06.2026, 10:12
Президент «AMANAT» партиясының бұрынғы Төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс айтты
15.06.2026, 10:09
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30