«Ақ жол» партиясының төрағасы ауысты
Бүгін «Ақ жол» партиясының төрағасы ауысты. Шешім партияның съезінде жарияланды. «Ақ жолды» 15 жыл басқарған Азат Перуашевтың айтуынша, кез келген ұйымның дамуы үшін басшылық құрамның жаңарып отыруы маңызды. Бір адамның ұзақ уақыт жетекшілік етуі жаңа идеялар мен өзгерістерге кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Азат Перуашев төрағалыққа Мәжіліс депутаты, партия мүшесі Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, делегаттар қолдады. Съезд аясында сондай-ақ, партияның алдағы саяси бағытын айқындайтын бірқатар маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, жақында қабылданған жаңа Конституция талаптарына сәйкес партия Жарғысына өзгерістер енгізу ұсынылды.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:
Мен партияның мүшесі ретінде, партияның жетекші органдарының президиум Ұлттық кеңесі ретінде әрі қарай да өз үлесімді қоса беремін.
Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Осы партияға келгеніме 11 жыл болды. Сондықтан, ішкі жұмысын, партияның қағидаттарын, қандай ұстанымдары бар бәрін білемін. Болашақта осы командамен жұмыс істеуге тырысамын. Әрине, жауапкершілік өте жоғары. Бірақ менің жинақтаған тәжірибем бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы