«AMANAT» «Әділет» партиясына қосылады
«AMANAT» партиясы Әділет партиясына қосылады. «Аманаттықтар» бастамаға қолдау білдірді. Бүгін Астана төрінде саяси ұйымның съезі өтіп, маңызды шешім қабылданды. 1500-ға жуық делегат қатысқан ауқымды шара жөнінде Самал Қабышева рет-ретімен.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған партия белсенділері Астана төрінде. Ұзын саны 1500-ға жуық делегат. «AMANAT» съезі. Бүгінгі басқосудың маңызы бөлек. Саяси шешім қабылданды. Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі – «AMANAT» «Әділет» партиясына қосылуға әзір. Мінберге шығып, сөз сөйлеген партия өкілдері бастаманың маңызына тоқталды. Бірақ бұл бір күнде қабылданған шешім емес.
Асхат Аймағамбетов, «AMANAT» партиясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Облыстық, жергілікті конференциялар өтті. Сол конференцияда осы мәселе талқыланды. Саяси кеңестің отырысы өтті. Кәдімгідей жан-жақты, кәдімгідей аяқ астынан мәселе болған жоқ. Оны көріп отырсыздар. Біздің партияластарымыздың пікірі қандай болғанын естідіңіздер.
Партия төрағасы Ерлан Қошанов съезд аяқталған соң, журналистердің алдына шығып, барлық сауалға бүкпесіз жауап берді. Мүдде бір. Ортақ құндылық үшін жұмылу.
«AMANAT» партиясы халықтың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты жобаларды жүзеге асырды. «Қарызсыз қоғам» бастамасы арқылы 1,5 миллион азаматтың қаржылық сауаты артып, қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсетілді. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие ұсынып, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Ал «Жер аманаты» аясында заңсыз немесе пайдаланылмай жатқан 15 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, ел игілігіне қызмет ете бастады.
Нартай Сәрсенғалиев, «AMANAT» партиясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«AMANAT» партиясының жастармен де жұмысы, мүдделерді қолдау, жастардың үнін есту тұрғысынан да өте ауқымды жұмыс істеді. Біздің жастарды қолдау кеңесі бір республикалық 20 аймақтық кеңестен тұрды. 3660-тан астам ұсыныс беріп, соның 90 пайызы орындалды.
Самал Қабышева, тілші:
Осылайша, бүгін Қазақстанның саяси алаңында маңызды шешім қабылдады. «AMANAT» партиясының бүгінгі шешімі елдегі саяси күштердің жаңа форматта топтасуына жол ашпақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы