Жезқазғанда Ұлттық ғылым академиясының аналитикалық орталығы ашылды
Жезқазған қаласында Ұлттық ғылым академиясының аналитикалық орталығы ашылды. Бұл туралы өңірде өткен Президиумының көшпелі отырысында айтылды. Жиында елдің ғылыми-технологиялық дамуындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазір ғалымдардың 61%-ы, ғылымды қаржыландырудың 71%-ы Астана және Алматы қалаларында. Ал өңірлерде зерттеу жүргізу жағы жолға қойылмаған. Жаңадан ашылған орталық Ұлытау облысында осы мәселені реттеуге, жаңа технологияларды енгізуге сеп болмақ.
Нұртас Кәріпбаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары:
Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері дамып келеді. Біздің әлеуетіміз өте жоғары. Тау-кен және металлургия бағыттарында озық технологияларды енгізу біздің жұмыста өте маңызды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04