Соңғы 5 жылда балалардың кітап оқуға деген ықыласы азайған
Қазақстанда 29 бен 45 жас аралығындағы азаматтардың кітап оқу мәдениетіне деген қызығушылығы төмен. Соңғы бес жылда балалардың да кітап оқуға деген ықыласы азайған. Тек, әрбір оныншы тұрғын бос уақытын рухани кеңістігін кеңейтуге арнайды екен. Мұндай деректі Қоғамдық даму институтының мамандары келтірді. Сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызы соңғы бір жылда бірде-бір шығарманың бетін ашпаған. Сарапшылар мәселені шешу жолдарының бірі ретінде - тек қағаз жүзіндегі кітаптарды ұсынып қана қоймай, оған QR-код, интерактивті элементтер қосу арқылы оқырман қызығушылығын арттыруға болатынын айтады.
Назым Сманова, Халықаралық салыстырмалы зерттеудің ұлттық үйлестірушісі:
Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің деректері қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға ынтасының төмендеп жатқанын көрсетіп отыр. Соңғы 5 жылдықты алсақ, балалардың оқуға ынтасы 18 пайызға төмендеген. Бұл жалпы әлемдегі болып жатқан үрдіс. Сондықтан басты назар кітап оқуға мотивацияны арттыру.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12