Павлодар облысында маса қаптап, тұрғындардан маза қашты
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шошқалы ауылы тұрғындары сары масадан көз аша алмай қалдық деп шағымданды. Қансорғыштарға таланған жұрт видеоны әлеуметтік желіге салып, тіпті көмек сұраған болатын. Ауылда қазіргі жағдайы қалай? Әріптесім Болат Аманбаев облыс орталығынан 200 шақырым жердегі шағын ауылға арнайы барып келді.
Шошқалы 11 үйлі ауыл. Жалғыз көшесі бар. Кіре байқағанымыз балалар емен-еркін асыр салып жүр.
Болат Аманбаев, тілші:
Кеше видео салып, әлеуметтік желіні жарып жібере жаздаған тұрғындар бүгін сабырға келіпті. Маса жәйдә да, сайда да, маса қайда да бар дейді олар. Көпшілік пікірі неліктен өзгере қалды? Түсіндіріп көрейін.
Бұл видео әлеуметтік желіге шығысымен мәселені өңір әкімі жеке бақылауына алып, резервтен 15 ранц бүріккіштері мен ыстық тұман генераторларын жіберген. Сөйтіп масаны бір түнде қырып тастапты.
Бектұр Мұсаев, Шошқалы ауылының тұрғыны:
Бізге қазір маса маңызды емес, қазір бізге жауын керек. Өрт шықпауы үшін. Айналамызды көріп тұрсыздар, қарағай. Көріп отырсыздар, міне, маса болса, осылай тұрамыз ба? Жеп қоюшы еді ғой мені.
Маса болған. Үйірімен келіп, малды қорадан, адамды үйден шығармай тастаған. Алдымен дабыл қаққан Бағлан Дәуітова мәселе 1,5 тәулікте шешіледі деп ойламадым дейді.
Бағлан Дәуітова, Шошқалы ауылының тұрғыны:
Осы нақты шара қолданғаннан кейін барып көзіміз ашылды. Міне, мен даладағы қазанға тамақ істеп, самауыр қойып жатырмын. Аудан әкімі келіп, іле улау жұмыстары басталды. Кешке бір, таңертең бір дәрі шашады. Өтірік емес, ыстықта ұзын киіммен жүрдік. Маса быжынап тұрды. Енді, міне, құртып жіберді. Жеңіл киіммен жүрміз.
Гүлзира Нүке, Шошқалы ауылының тұрғыны:
Улады. Өзінен-өзі кететін маса емес мынау. Өте көп маса болды. Шуладық бәріміз. Міне, бәрін істеді, бәрі жақсы болды.
Облыс әкімдігінің мәліметіне қарағанда, өңірлік бюджет есебінен қаржыландырылатын дезинсекциялық іс-шаралар бұл аумақтарға қарастырылмаған. Сондықтан маса талаған ауылға жергілікті кәсіпкерлер көмек беріпті.
Зарина Амарбаева, Шалдай ауылдық округінің әкімі:
Зиянкестерді улау жұмыстарын жалғастырамыз. Алдағы 4 күнге қажетті препарат жеткізілді. Маса көтерілсе, тағы алдыртамыз. Үнемі бақылау жүргізіліп отырады.
Ауылға облыс аумағындағы қансорғыштарды құртуға жауапты ғылыми топ өкілдері де келіпті. Сары масаның кенеттен қаптауы күн райының күрт ысуынан деген болжам айтқан көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, облыстық бюджеттен жылда шыбын-шіркей улауға қаржы бөлінеді. Бірақ ол Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан қала мен аудандар аумағына бағытталады. Ал келер жылдан бастап қырдағы елді мекендерді де зиянкестерден қорғауға резервтік қаржы қарастырылуы мүмкін.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12