Басты Жаңалықтар Семейлік әнші 100 әнді тоқтамай шырқады

Семейлік әнші 100 әнді тоқтамай шырқады

Семейлік дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев бес жарым сағат бойы қазақтың дәстүрлі 100 әнін тоқтаусыз шырқап әлемдік рекорд орнатты. Әлем тарихында болмаған мұндай жетістікті алғаш рет Азия мен Африка елдеріндегі рекордтарды есепке алатын халықаралық Global Best of Records ұйымы тіркеді. Ұйым өкілдері мен еліміздің кәсіби әншілерінен құралған топ дамылсыз айтылған 100 әннің кәсібилігін қадағалап отырған. Әнші 5 сағат бойы үзіліссіз жанды дауыста, домбырамен қазақ әндерін нақышына келтіріп, жатқа орындап шықты. Дәстүрлі әншінің рекорды ресми түрде тіркеліп, арнайы сертификат пен күміс төсбелгіге ие болды. Мақсат – қазақтың дәстүрлі ән өнерін жаһанға таныту, - дейді рекордсмен.

Қайрат Қабышев, дәстүрлі әнші, әлемдік рекорд иегері:

Өзім түс көріп тұрған сияқты болып тұрмын. Аяғым жерге тимей тұр. Бұрыннан арманым еді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен тікелей эфирмен көріп жатыр. Маған дейін Жәнібек Кәрменовтер, Ғарифолла Құрманғалиевтер сол кезде рекорд болғанда, сол кезде-ақ қорғап кетуші еді. Бұл жерде әннің деңгейі. Кәсіби деңгейде айтылды. Жай әндер емес. Бес мектепті қамтыдым.


Бөлісу