Тарихи құнды жәдігер табылды
Маңғыстауда көне Қарақабақ қалашығынан VI ғасырға жататын бірегей құмыра табылды.
Құнды тарихи олжа Қарақабақ қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған. Алғашқы зерттеу нәтижелері жәдігердің жергілікті шеберлердің қолынан шыққанын көрсетіп отыр. Ғалымдардың айтуынша, құмыраны жан-жақты зерттеу арқылы көне қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, қолөнері мен мәдениеті туралы жаңа деректер алуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, Түпқараған ауданы аумағындағы Қарақабақ қалашығы – Маңғыстаудағы ең маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі. Зерттеулерге сүйенсек, ежелгі қала біздің заманымыздың I–VI ғасырларында болған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16