Халықаралық «New Vision Forum 2026» форумы басталды
Бүгін Алматыда халықаралық деңгейдегі «New Vision Forum 2026» форумы өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын жиында әлемдік экономикадағы жаңа трендтер, жасанды интеллект, технологиялық трансформация және инвестициялық мүмкіндіктер талқыланады. Қазір сол жерден әріптесім Әйгерім Ердәулет тікелей байланысқа шықты.
Әйгерім
Ердәулет, тілші:
Қайырлы таң, Ернұр! Дәл қазір Алматыдағы ең ірі халықаралық алаңдардың біріне айналған «New Vision Forum 2026» өз жұмысын бастады. Форумның ашылғанына небәрі бірнеше минут болды. Залда әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, инвесторлар және бизнес қауымдастық өкілдері жиналып отыр. Бүгінгі негізгі қаузалатын тақырыптардың бірі - жасанды интеллект пен технологиялық трансформация. Сарапшылар цифрлық технологиялардың экономикаға, еңбек нарығына және мемлекеттік басқаруға әсерін талқыламақ. Сондай-ақ, жаңа технологиялардың бизнеске беретін мүмкіндіктері мен тәуекелдері сөз болады. Форумға Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэл Баррозу, Siri жүйесін жасаушылардың бірі Люк Джулия келеді деген ақпарат бар. Ал әлемге әйгілі жазушы, мотиватор Джон Кхеко онлайн қосылады. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласының халықаралық сарапшысы Джон Шоул да сөз сөйлейді. Үш күн бойы мұнда жаһандық экономикадағы өзгерістер талқыланады. Бағдарлама аясында панельдік пікірталастар, инвесторлармен кездесулер және көрме де ұйымдастырылған. Онда отандық және шетелдік компаниялар өз өнімдері мен қызмет түрлерін ұсынуда. Ұйымдастырушылар, форум жаңа серіктестіктер мен инвестициялық бастамаларға жол ашады деп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы