Басты Жаңалықтар Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді

Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді

Биылдан бастап тегін скринингтік тексерулерге өзгерістер енгізілді.  Ең алдымен, қатысушылардың жас шегі ұлғайтылған.  Бұрын профилактикалық тексерулер 70 жасқа дейін жүргізілсе, қазір 76 жасқа дейінгі азаматтар да қамтылып жатыр. Тағы бір маңызды өзгеріс – онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне тәуелді болмай қалды. Сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісіктерін ерте анықтауға арналған тексерулер барлық азамат үшін қолжетімді. Сонымен қатар, 70 пен 76 жас аралығындағы тұрғындар екі жыл сайын артериялық гипертензия, қант диабеті және глаукома бойынша скринингтен өте алады. Ал 50 жастан асқан ер адамдарға жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларын анықтауға арналған жаңа тексеру енгізілді. Оның аясында мойын мен ірі қан тамырларына ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.

Әсел Қыдырәлиева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары:

Ең бірінші кезекте, онкологиялық скринингтердің 300 мыңға жуық адамға қолжетімділігін арттыру. Бұл ауруды әсересі, онкологиялық ауруды І және ІІ сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Және қосымша жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінен 800 мың әйел, жатыр мойны қатерлі ісігіне 700 мыңға жуық әйел, тоқ ішек, тік ішек ішек қатерлі  ісігіне 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер әр екі жыл сайын қатысатын болғандықтан, олардың арасындағы анықтау көрсеткіштерінің жақсаруына алып келіп отыр.


 


Бөлісу