115 мың адам мобильді аударымдар лимитін асырған
Қазақстанда 115 мың адам мобильді аударымдар бойынша лимиттен асып кеткен. Қаржы министрі Мәди Тәкиев осындай аударымдар жасаған азаматтарға хабарлама жіберілгенін мәлімдеді. Министрлік жеке тұлғалардың аударымдары бойынша үш ай бойы 10 банкпен бірлесіп жұмыс атқарған. Нәтижесінде азаматтардың әрқайсысы ай сайын жалпы сомасы 1 миллион теңге болатын 100-ден астам аударым жасаған. Осындай 115 мың адамның аударымдарының жалпы сомасы 1 триллион теңгені құрады. Олардың дені – жеке тұлғалар. Министр сондай-ақ Қазақстанның резиденті емес 7800 адам да мобильді аударымдар алғанын айтты. Оларға қатысты бақылау күшейтілді.
Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:
Барлығына хабарлама жіберілді. Мақсатымыз – жазалау емес, жағдайдың қалай болғаны туралы түсініктеме алу. Олардың арасында такси қызметін көрсететін жеке тұлға мен курьер көп. Мобильді аударымдарды қолданушылардан ақшаның қайдан келгенін, қайда аударылғанын сұраймыз. Бұған қоса, жеке кәсіпкерлер де бар. Олар 200 миллиард теңге аударды.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03