Басты Жаңалықтар «Болашақ ойындарының» халықаралық іріктеу турнирі басталды

«Болашақ ойындарының» халықаралық іріктеу турнирі басталды

Астанада «Болашақ ойындарының» халықаралық іріктеу турнирі басталды. Жарыс фиджитал спорттың үш санаты бойынша өтіп жатыр. Қатысушылар фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-биден кіл мықтыны анықтайды. Додада 16 елдің 250 спортшысы бақ сынауда. Ереже бойынша олар алдымен виртуалды ойын ойнап, ұпай жинайды. Артынша, нағыз спорт алаңында бәсекеге түседі. Әр дисциплинада жүзден жүйрік шыққан 4 команда тікелей «Болашақ ойындарына» жолдама алады. Жоғары ұпай жинаған тағы 2 клубқа қосымша лицзения беріледі.
Айта кетейік, негізгі байрақты бәсеке шілденің 29-ы мен тамыздың 9-ы аралығында өтеді. Мультиспорттық сайыстарға 50-ден астам елдің 800-ге жуық өкілі қатыспақ. Олар 8 фиджитал бағытта жарысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, доданың ашылу салтанатына 9 мемлекеттің Президенттері келеді.

Ержан Шакеев, «Қазспортинвест» АҚ спорттық іс-шаралар бөлімінің басшысы:
Бұл бірінші іріктеу кезеңі емес. Алдында айтылғандай Origins деңгейі бар. Одан кейін Rivals деңгейі бар. Қазір осы әлем бойынша өткен жарыстардан ең күшті топ жарған 16 команда ғана Астанаға келді.


Бөлісу