Түркістандық журналистер Қаратаудағы бұлақ көздерін ашты
Түркістандық журналистер Қаратау баурайындағы бұлақ көздері мен өзен арнасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Акция «Түркістан – Шолаққорған» автожолы бойындағы табиғаты көркем, тұрғындар жиі демалатын «Жастар бұлағы» аумағында жүргізілді. Оған 30-ға тарта журналист қатысып, жүз қапқа жуық қоқыс жинады. Қалдықтарды арнайы қоқыс полигонына жеткізу жұмысын Кентау қаласының тазалық мекемесі өз жауапкершілігіне алды. Іс-шара Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды. Филиал төрағасы Мәлік Дәулетовтың сөзінше мұндай шаралар қоғамдағы экология мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, табиғатқа құрметпен қарауға өз септігін тигізеді.
Мәлік Дәулетов, Қазақстан журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының
төрағасы:
Тек қана жан-жақтан хабар таратып, жаңалық жасап қана қоймай, өзіміз де осы тазалыққа үлес қосайық, қоршаған ортаның тазалығына бізде бір күнімізді арнайық , уақытымызды бөлейік деп, сондай ниетпенен келіп отырмыз. Шыны керек өзеннің арнасы,бұлақтың басы қоқысқа толып қалған. Басты мақсатымыз – елімізді таза ұстау, қоршаған ортаны таза ұстау, туған мекенімізге құрметпен қарау.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54