Маңғыстауда теңіз жағасына бекіре тұқымдас балықтардың өлексесі қалқып шыққан
Маңғыстауда теңіз жағалауынан бекіре тұқымдас балықтардың өлекселері табылып жатыр.
Балықтар Түпқараған ауданы Форт-Шевченко мен Баутин елді-мекендері
жағалауларынан және Бозашы, Қаражанбас кен орындарына жақын жағалаулардан
табылған. Құлалы аралынан да өлген бекірелер анықталып жатыр. «Қазақ балық»
қауымдастығының мәліметінше, бекіре тұқымдас балықтар итбалық өлекселерімен
қатар шықты.
Соңғы рет 1-маусым күні жағалаудан 20 итбалық пен 8 бекіре балығының өлексесі
жиналған. Осы деректер бойынша экологтар жағалаудан су сынамаларын алған.
Бірақ, мамандар сынаманы теңіздің ортасынан, көрші мемлекеттердің аумағы және
теңіздегі мұнай кен орындарынан алу қажеттігін айтады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16