Басты Жаңалықтар Футболдан ӘЧ қарсаңында FIFA-ның жалған сайттары көбейген

Футболдан ӘЧ қарсаңында FIFA-ның жалған сайттары көбейген

Футболдан Әлем чемпионаты қарсаңында FIFA-ның ресми сайтына ұқсатып жасалған жалған сайттар көбейді. Бұл туралы АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы ескертті. Киберқылмыскерлер бұл сайттар арқылы футбол билеттерін сату, VIP-пакеттер мен туристік қызметтер ұсыну, жалған жұмыс орындарына қабылдау, сондай-ақ ұтыс ойындары мен арнайы акциялар өткізу сияқты қызметтерді жарнамалап жатыр. Мамандар мұндай беттерге банк картасының деректері, жеке мәліметтер немесе құпия ақпарат енгізу өте қауіпті екенін айтады. Себебі бұл мәліметтер кейін заңсыз мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Ең алдымен тек ресми сайтқа тікелей браузер арқылы кіру, күмәнді сілтемелерге өтпеу және онлайн ұсыныстарды мұқият тексеру қажет. Сондай-ақ кез келген транзакция алдында сайттың мекенжайын тексеру және күмән туындаған жағдайда әрекетті тоқтату ұсынылады. Мұндай киберқылмыстар Әлем чемпионаты жақындаған сайын артуы мүмкін, сондықтан жанкүйерлер мен пайдаланушылар барынша сақ болған жөн дейді жауаптылар.

Бөлісу