Астанада биік үйлердің терезесін бекіту күшейтілді
Астанада балалардың терезеден құлау фактісін азайтуы мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері алдын алу шараларын күшейтті. Қаланың әр ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пәтерлерге терезе бұғаттағыш орнатып жатыр. Мақсат – ата-аналарға ескерту жасап қана қоймай, қауіпсіздік шараларын нақты іспен көрсету.
Құтқарушылардың айтуынша, ата-аналар сеніммен қарайтын маса торы қорған емес.
Ол баланың салмағын мүлдем көтермейді. Сондықтан, терезе бекіткіш орнату
маңызды, дейді. Бұл – қауіпті алдын алудың бірден-бір жолы.
Әрлен Бүркітбай, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:
Жыл басынан бері 75 мәрте осындай профилактикалық шара өткіздік. Соның аясында мыңнан астам осындай терезе бұғаттағышын орнатқан болатынбыз. Бүгінгі күні қолымызда 300-дей бұғаттағыш бар. Соны орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұғаттағыш қазіргі тиімді, қолжетімді деп айтуға болады.
Иә, терезеден құлаудың алдын алу жұмыстары жыл бойы тоқтаған емес. Бұл жұмысқа
тек төтенше жағдайлар мамандары ғана емес полицей мен еріктілер де атсалысып жүр. Олар бекіткіш
орнатып қоймай әр пәтерге кіріп түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындарға жаднама
таратады.
Әсемгүл Сүлейменова, қала тұрғыны:
Жаңалықтардан да көршілерден де естіп жүрміз. Өте қауіпті нәрсе бұл. Сондықтан, өзімде ойлай жүргенмін тереземізге бұғаттағыш қоюды ойластырып жүргенбіз. Бізге ТЖД қоңырау шалып, бұғаттағыш қоямыз деп мүмкіндік берді. Ол кіслерді осында шақырып, терезеге қойдырдық.
«Сақтансаң, сақтармын» деген мәтел тек терезені бекітуге ғана емес, бала
өміріне деген жауапкершілікке де қатысты. Үйдегі кішкентай құлып — үлкен қасіреттің
алдын алатын жалғыз тосқауыл.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12
Apple мен Google-ден балаларды қорғау шараларын күшейту талап етілді
09.06.2026, 17:10