Басты Жаңалықтар Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде

Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде

Астанада үшінші архившілер конгресі өтіп жатыр. Оған әлемнің 30 елінен 500-ден астам делегат қатысуда. БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің өкілдері архивтік деректерді цифрлы форматқа көшіру тектіктерін жан-жақты талқылады. Конгресс аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, Қазақстан Президенті Архивінің жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған бірегей әзірлемелері таныстырылды. Президент архиві 31 миллонан астам парақты цифрлық форматқа ауыстырды. Бүгінде оқу залдарындағы құжаттар сандық форматта ұсынылады. Биылдан бастап төрт жасанды интеллект плаформасын пайдалана отырып тың жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл құжаттарды қоймалардан тез табуға, қашықтан жұмыс істеуге, ақпараттық-анықтамалық құжаттарды жабдықтауға мүмкіндік беріп отыр. Шетелдік сарапшылар диалог, ынтымақтастық және инновациялар үшін айрықша алаң қалыптастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.

Жозе Кирпс, Халықаралық архивтер кеңесінің президенті:
Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім. Мұндағы архившілердің цифрландыру бағытындағы жасап жатқан жұмысына тәнті болдым. Әсіресе, осы салаға жасанды интеллект элементтерінің енегізіліп жатқаны қуантады. Қазақстанның архив ісі әлемдік деңгейге жетіліп келеді.
Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары:
Президент архивінде 1918 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейінгі құжаттар сақтаулы. Бұл 20-ғасырдың тарихи-саяси оқиғаларға қатысты құжаттар. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, Президенттің, Президентке бағынысты мемлекеттік органдардың құжаттары біздің архивте сақтаулы


Бөлісу