Арыста көлік соққан сәби ауыр халде
Арыс қаласында болған жол апатынан зардап шеккен бір жарым жастағы сәби санитарлық авиациямен Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін аталған аурухананың дәрігерлері біздің арнамызға баланың жағдайы туралы сұхбат берді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оның бірнеше қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Сонымен бірге жамбас сүйегі сынып, бас ми жарақатын алған. Үш жасқа дейін жамбасқа ота жасауға болмайтындықтан операциясыз емдейді.
Сәкен Тұрысбеков, Түркістан облыстық балалр ауруханасы бас дәрігерінің
орынбасары:
Баланың жағдайы ауыр, қалыпты. Бала өз есінде. Дәрігерлердің консилиумы өткізілді. Клиникалық хаттамаларға сәйкес қазір толық емдерін алып жатыр бала. Бала жазылғанша осы ауруханада болады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54