Басты Жаңалықтар Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды

Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды

Алматыда «Creative Intensives» пилоттық жобасы басталды. Жоба шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға және отандық мәдени тың туындыларды халықаралық нарыққа шығаруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген өтінім түсіп, олардың арасынан 27 қатысушы іріктеліп алынған. Олар - дизайнерлер, қолөнершілер, музыканттар және шығармашылық кәсіпкерлер. Бағдарлама аясында қатысушылар қазақстандық және шетелдік сарапшылардан білім алып, өз жобаларын дамытуға қажетті тәжірибе жинақтайды. Оқу этнодизайн, этномузыка, сән индустриясы, креативті кәсіпкерлік сияқты бағыттарды қамтиды. Бүгінде еліміздің әр өңірінен келген креативті индустрия саласының мамандары өз еңбектерін ұсынып жатыр. Басымдық : қолөнер бұйымдары, муызкалық аспаптар мен артдизайн, яғни, ұлттық киімге берілген.

Салтанат Жапарова, Қазақстандық этнодизайнерлер одағының президенті:

Лондонда біздің серіктес тараппен бірлескен жобаны іске асырып жатырмыз. Бізде қазір бағдарлама әзірлеген. Біздің Қазақстанға келуші туристер ағыны туристерге арнайы қазақ халқының 3 бағыт бойынша 5 күндік бағдарламасы әзірлеген. Қазіргі таңда олардың шеберлік сабақтары келген туристерге арналған, көрме, жәрмеңке,  және ғылыми бағыттары да зерттеледі.
Бөлісу