Бозжыраға екінші визит орталығын сала бастады
Жоба бойынша орталық жиналмалы жеңіл конструкциялардан тұрғызылып жатыр. Мұнда ұлттық дизайнмен салынған этно-кофехана мен глэмпинг болады. Нысанда қалдық суды тазартатын биотазарту, қоқысты сұрыптап жинау, күн сәулесінен электр энергиясын алу жүйесі де қарастырылған. Орталықта туристердің жайлы қоныстанып, қауіпсіз тынығуына жағдай жасалмақ. Отызға жуық жұмыс орны ашылып, оған жергілікті мамандар алынады. Сонымен бірге, жақын маңдағы ауыл тұрғындарының ауылшаруашылық өнімдерін сатуына жағдай жасалып отыр. Орталықтың құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Айта кетейік, Бозжыра шатқалы – әлем жұртшылығын тамсандыратын ерекше табиғи мекен. Былтыр аймаққа 420 мың турист келген болса, басым бөлігі Бозжыраға барған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16