6 жастағы бүлдіршіннің денесі Сырдариядан табылды
Қызылордада үш күн бұрын жоғалып кеткен 6 жасар қыз баланың денесі Сырдариядан табылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтап жатыр. Бүлдіршіннің үйі өзен жағалауына жақын орналасқан. Көшеде ойнап жүрген кішкентай қыздың дария бөгетіне қарай кетіп бара жатқаны сол маңдағы кәсіпкерлік нысанның бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Іздестіру жұмыстары үш күн бойы су айдыны мен өзен жағалауында қатар жүрді. Өкінішке қарай балақайдың денесін құтқарушылар қаладан 20-30 шақырым жердегі «Айтек» су торабынан тапты. Қайғылы оқиға қатысты полиция департаменті мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
Бекболат Әбдіқадыров, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Жалпы іздестіру жұмыстарына 495 адам жұмылдырылып, 17 техника, үш қайық одан басқа үш кинологиялық топтар қатысты. Жетінші маусым сағат 10:41-де қыздың денесі табылды. Жарақат ештеңе көрген жоқпыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24