Басты Жаңалықтар ЖИ бойынша ең үздік білім беру бағдарламасының түлектері марапатталды

ЖИ бойынша ең үздік білім беру бағдарламасының түлектері марапатталды

Орталық Еуразияда бизнес көшбасшылар арналған жасанды интеллект бойынша ең ірі білім беру бағдарламасы – AI Leaders деп аталады. Бүгін осы жобаның түлектерін марапаттау рәсімі өтті. Шараға Премьер-Министрдің орынбасары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты. Жоба Кремний алқабындағы  Silkroad Innovation халықаралық хабымен және  OpenAI академиясымен бірлесе әзірленген.  Бағдарламаның академиялық жетекшісі – Питер Норвиг. Ол Stanford университетінің профессоры, жасанды интеллект бойынша әлемдегі ең үздік оқулықтардың авторы. Дәл осындай білікті мамандардан дәріс алған қатысушылар жоба соңында өз компаниясының AI стратегиясын дайындады. Оқу процесі 8 апта бойы жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, AI Leaders бағдарламасы мемлекеттік сектор, бизнес және технологиялық қауымдастық өкілдерінің жасанды интеллект саласындағы білімін арттыруға бағытталған.

Әсет Әбдуалиев, Silkroad Innovation Hub негізін қалаушысы:

Осы тренингке 800-ден астам бизнес-лидерлер қатысты 9 мемлекеттен, бұл 800 лидер 150 ұйымда басқарады. Олар 2 ай ішінде ЖИ-ді қалай қолдану керегін үйренді. Осы жобаны біз 1 жылдан астам уақыт дайындадық.

Венера бабаева, жоба қатысушысы:

Бағдарламаның құрылымы өте қызықты болды. Себебі Stanford сияқты университеттердің AI концепциясының негізін қалаушы Питер Норвиг сынды академиктер сабақ берді.
Бөлісу